Танымал әнші Жазира Байырбекова Instagram парақшасында тыңдармандарына жаңа ән туралы қуанышты хабар жеткізді. Ол көптен бері дайындалып жүрген туындысының жақында жарық көретінін айтып, оқырмандарынан сүйінші сұрады.
Жаңа әннің аты – «Жақында… Жаныңдамын – деп сыбырлайтын ән». Жазира бұл әнді «жүрекке жылы, сағынышқа толы, жанға жақын әуен» деп сипаттады. Оның сөзінше, ән әр тыңдаушының жүрегіндегі ерекше жанды еске түсіріп, эмоцияға бөлейді.
«Сіз үшін, сіздің жүрегіңіз үшін. Осы әнді естігенде ойыңызға кім келеді? Кім жаныңызда болғанда – бәрі мәнді, бәрі тәтті? Ол адамды белгілеп кетіңіз. Бәлкім, бұл ән екеуіңізге арналатын шығар...» – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары бұл жазбаны жылы қабылдап, Жазираның бейнежазбадағы келбетіне ерекше назар аударды. Көпшілігі:
«Жүкті сияқтысыз»
«Қуанышты жаңалық айтқалы тұрған сияқтысыз»
«Жаңа ән бе, әлде жаңа өмір ме?» – деп түрлі болжаулар жасады.