Футбол

Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: «Реал» «Ювентусты» жеңіп, ширек финалға шықты

Ахмет Қанатұлы
Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: «Реал» «Ювентусты» жеңіп, ширек финалға шықты
Фото: FRANCK FIFE/AFP via Getty Images. Суретте: Винисиус Жуниор

Клубтар арасынжағы әлем чемпионаты аясында өткен 1/8 финалдағы маңызды матчта Испанияның «Реал Мадрид» командасы Италияның «Ювентусынан» 1:0 есебімен басым түсті, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кездесу АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласында орналасқан «Хард Рок» стадионында өтті.

Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды матчтың 54-минутында испан шабуылшысы Гонсало Торрес соқты. Ол ағылшын қорғаушысы Трент Александер-Арнольдтың тамаша пасын баспен дәл бағыттап, есеп ашты.

Осылайша, «Реал» турнирдің ширек финалына шықты. Келесі кезеңде мадридтік ұжым Германияның «Боруссия» (Дортмунд) мен Мексиканың «Монтеррей» командалары арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ахмет Қанатұлы