фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan. Суретте: Абылайхан Жүсіпов
Қазақ боксшысы Абылайхан Жүсіпов Нидерландының Эйндховен қаласында өткен Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде жеңіске жетті. Ол финалда өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен кездесіп, алтын медаль үшін шаршы алаңға шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жек екінші раундта тоқтатылды. Жекпе-жек барысында Жүсіпов ауыр жарақат алғанымен, дәрігерлер кеңесімен шайқасты жалғастырмауға шешім қабылданды. Соған қарамастан, қазылар алқасы жеңісті дәл осы жарақат алған Абылайхан Жүсіповке берді.
Алайда жеңімпазды жариялау сәтінде күтпеген күлкілі әрі ыңғайсыз жағдай орын алды: рефери абайсызда жеңілген өзбек спортшысының қолын көтеріп жіберді. Бұл сәт бір сәтке залды абдыратқанымен, артынша қателік түзетіліп, жеңіс иесі ретінде ресми түрде қазақстандық Абылайхан Жүсіпов жарияланды.