фото: Sarah Reed/Getty Images. Суретте: Александр Бублик
Қазақстандық теннисші Александр Бублик (ATP рейтингінде 31-орында) Уимблдон-2025 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіліп, жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Бес сетке созылған тартысты матчта испандық теннисші Хауме Мунар 3:2 (4:6, 6:3, 6:4, 6:7, 2:6) есебімен сенсациялық жеңіске жетіп, турнирдің екінші кезеңіне жолдама алды. Ал Александр Бублик үшін бұл маусымдағы Уимблдон додасы аяқталды.
Хауме Мунар енді екінші айналымда венгриялық теннисші Фабиан Марожанмен (58-орын) кездеседі. Айта кетейік, Марожан бірінші кезеңде австралиялық Джеймс Маккейбті (ATP №181) оңай жеңіп шықты – 6:1, 6:4, 6:3.
Еске салай кетейік, Уимблдон-2025 турнирінің жалпы жүлде қоры: 22 714 380 еуро. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 3 510 000 еуро сыйақы мен 2000 рейтингтік ұпайды қанжығасына байлайды.