"Ажырастым деп өзі жылап алып, кейін елді жамандайды": оқырмандар Мөлдірді "аямады" (видео)

"Ажырастым деп өзі жылап алып, кейін елді жамандайды": оқырмандар Мөлдірді "аямады" (видео)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова

Әлеуметтік желіде Мөлдір Мұқанованың соңғы видеосы "Ләк-ләк" сөзімен бірге таралып, трендке айналды. Қолданушылар түрлі пікір жазып, бірі әзілдеп, енді бірі қоғамдағы маңызды мәселелерді еске салып, сыни көзқарасын білдірді.

Танымал пікірлер қатарында:

«Мөлдірдің жылағанын жариялап, кейін халықты “хейтр” дейді. Өзі жариялап, өзі ренжиді. Елдің алдына шықса, сынды да қабылдауы керек»

«Басқа маңызды нәрсе қалмады ма? Осындай бос әңгімені таратқанша, халықты алаңдатқан шынайы мәселелерді көтермей ме?»

«Жазғы демалысымыз ажырасу-ажыраспау әңгімесімен өтіп барады. Бірде күйеуімен бірге, бірде жоқ...»

«Өздері видеомен бастап алып, соңы “халық неге талқылайды” болады. Енді кім кінәлі?»

«Мөлдір сұлу, жақсы адам, бірақ тым көп драма жасап жіберді...»

«Ләк-ләкпен елді мазақ етіп отырған жоқпыз ба? Бұрын жылап еді, енді бәрін әжуалап тұр»