"Дұғаларыңыз ауадай қажет": Танымал әнші ауыр жарақат алып, хәл үстінде жатыр

"Дұғаларыңыз ауадай қажет": Танымал әнші ауыр жарақат алып, хәл үстінде жатыр

фото: Әлеуметтік желіден

Эстрада әншісі Жолдасбек Әбдіханов ауыр жағдайға душар болды. Бұл туралы оның әкімшісі әлеуметтік желіде мәлімдеді, деп хабарлайды ozgeris.info.

Хабарламада айтылғандай, 25 маусым күні кешкісін әнші тұрып жатқан көпқабатты тұрғын үйдің лифті техникалық ақауға байланысты кенет тоқтап, қатты соққы болған. Салдарынан Жолдасбектің мойын және омыртқа аймағы қатты зақымданып, жедел түрде ауруханаға жеткізілген.

Медицина мамандарының алғашқы қорытындысы бойынша, омыртқааралық дискілердің ығысуы, жүйке қысылуы және мойын-бел бөлігінің жарақаты тіркелген. Әншіге сөйлеу, қозғалу қиынға соғып, басы айналып, толық тыныштық қажет болғандықтан, арнайы аппарат арқылы ем алып жатыр.

Дәрігерлердің нұсқауы бойынша, ол кем дегенде 4–6 ай көлемінде сахнадан тыс қалып, шығармашылық қызметін тоқтатуға мәжбүр. Осыған байланысты жоспарланған барлық концерттер мен жобалар кейінге шегерілді.

Әкімшісі Әділеттің айтуынша, Жолдасбек Әбдіхановтың тезірек сауығып, тыңдармандарымен қайта қауышарына сенім мол. «Қазіргі уақытта әрбір дұға, әрбір жақсы тілек аса қажет», – дейді ол.