фото: kff.kz. Суретте: Ғалымжан Кенжебек
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Ғалымжан Кенжебекке бірнеше еуропалық клуб қызығушылық танытуда. Олардың қатарында Шотландия ұжымдары да бар, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Қазіргі таңда 22 жастағы футболшы Словакияның "Кошице" командасынан кетіп, жаңа клуб іздеп жатыр. Ол Еуропада қалуды жөн көреді. Испанияның екінші лигасынан (Сегунда) ұсыныстар түсіп жатыр. Сондай-ақ Шотландияның "Хартс" клубы да "Қайраттың" түлегіне назар аударғанымен, дәл қазір олар бұл трансферді уақытша тоқтатып отыр. Себебі дәл осы позицияға басқа бір ойыншыны алған.
Айта кетейік, дәл осы "Хартс" қазіргі таңда тағы бір қазақ ойыншысы – Ислам Чесноковпен де келіссөздер жүргізіп жатыр.
Ғалымжан Кенжебекке отандық "Ақтөбе" клубынан да нақты ұсыныс түскен. "Қызыл-ақтар" оған тұрақты ойын практикасын уәде еткен. Дегенмен футболшы әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Алдағы бір аптада оның қай командада ойнайтыны белгілі болмақ.
Еске сала кетейік, 2024/25 маусымын Ғалымжан Кенжебек Кипрдің "Акритас" клубында бастап, 15 матчта 5 гол соғып, 1 нәтижелі пас берген. Кейіннен Словакияның "Кошице" клубына ауысып, 10 кездесуде бір гол мен бір ассист авторы атанды.