«Әжелер сияқты не киіп алған»: Тәуекел Мүсілімнің әйелі сынға ұшырады (видео)

«Әжелер сияқты не киіп алған»: Тәуекел Мүсілімнің әйелі сынға ұшырады (видео)

фото: SN.kz

Танымал актер Тәуекел Мүсілімнің жұбайы әлеуметтік желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады. Бұл жолы көпшіліктің назарын Махаббат ханымның тойдағы киімі аударған.

Желі қолданушылары оның ұзын гүлді көйлек пен тюрбан стиліндегі бас киім киіп шығуын сынға алып, түрлі пікірлер қалдырған. Көпшілік оны әжелерге ұқсатқан.

— «Ақшалары бар, жарқырап жүрмей ме?»
— «Әдемісің, орамалыңды шешсеңші»
— «Тәуекелдің әйелі неге солып қалған?»
— «Ауылдың қыздары сияқты киініп алған»

деген сарындағы пікірлер жиі кездеседі.