Махмұд Сабырхан Әлем кубогының ширек финалына жолдама алды

1 шілде, 2025 / Ахмет Қанатұлы
olympic.kz. Суретте: Махмұд Сабырхан

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Махмұд Сабырхан Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының кезеңіндегі алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

55 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде Оңтүстікт Корея боксшысы Чжэен Шинмен кездесті. Бұл жекпе-жекте қазақстандық боксшы айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Сондай-ақ бүгін 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал кезеңінде шаршы алаңға шыққан Әнел Сақыш Өзбекстан елінің өкілі Феруза Казаковадан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Астанада өтіп жатқан Әлем кубогы 6 шілдеге дейін өз жалғасын табады. 

Тэгтер:

Бокс Қазақстан Астана Махмұд Сабырхан әлем кубогы