фото: olympic.kz. Суретте: Әнел Сақыш
Қазақстандық боксшы Әнел Сақыш Астанада өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогында екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.
54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 1/8 финал кезеңінде Әнел Сақыш Өзбекстан елінің өкілі Феруза Казаковамен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша, Феруза Казакова турнирдің ширек финалына жолдама алып, ал Әнел Сакыш жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды.
Естеріңізге сала кетейік, кеше Әнел Сақыш Әлем кубогындағы алғашқы жекпе-жегінде германиялық Татьяна Обермайерді үш рет нокдаунға түсіріп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен болатын.