Желіде қоғам белсендісі, философ және педагогика жанашыры Санжар Керімбайдың келелі сұхбатынан үзінді таралып, көпшіліктің қызу қолдауына ие болды. Ол қазіргі таңда көкпар мен бәйге секілді ұлттық ойындарға жүздеген мың доллар жұмсайтын кәсіпкерлерге үндеу жасап, назарды шынайы құндылықтарға аударуға шақырды.
«5 минутта аты ұмтылатын бәйгеге емес, миларына білім құятын мұғалімдерге көңіл бөлеік. Ең басты құндылық – адам», — деді Керімбай.
Бұл сөз – әсіресе педагогтар үшін жүрекке жеткен үндеу болды. Қоғамдағы нағыз құрмет пен марапат ұстаздар мен тәрбиешілерге лайық екенін меңзеген бұл пікірді желі қолданушылары ерекше ықыласпен қабылдады.
Көпшілік пікірлердің басым бөлігі ұстаз еңбегінің шынайы бағалануы қажеттігін алға тартты:
«Мұғалімдердің еңбегін түсінетін адам бар екен-ау! Тура айтты, Санжар!»
«Ұстаздың мойнына қой сойып берсең де аз, шәкірт тәрбиелеудің салмағы қандай ауыр екенін түсінбейтіндер көп»
«Бұдан артық, бұдан нақты айтылмас еді. Санжар Керімбай – нағыз ойлы адам».