Шерзат пен Нұрқанаттың қазасына дейін біз бақытты отбасы едік – Перизат Нұрымова

Шерзат пен Нұрқанаттың қазасына дейін біз бақытты отбасы едік – Перизат Нұрымова

фото: Видеодан скриншот

Ulysmedia.kz порталының бас редакторы Самал Ибраева жуырда елімізді дүр сілкіндірген ауыр оқиға туралы шындыққа толы сұхбат жариялады. Ол марқұм Шерзат Полаттың әпкесі Перизат Нұрымовамен ашық әңгімелесті. Бұл – тек бір отбасының қасіреті емес, бүкіл қоғамның жүрегін тіліп түскен жара.

Шерзат Полат былтыр 16 жасында жұмбақ жағдайда қаза тапты. Оның өлімі елге жайлы отбасын шайқалтып қана қоймай, қоғамда әділдікке деген сенімді сілкіндірді.

Бірақ қайғы мұнымен бітпеді. Арада бірнеше ай өткенде Шерзаттың туысы – медицина қызметкері Нұрқанат та белгісіз жағдайда көз жұмды. Үстіне отбасы үйінің өртенуі қосылып, жан ауыртар үш қайғылы жағдай бір отбасының басына түсті.

Шерзаттың әпкесі Перизаттың айтуынша, отбасы бұрын қарапайым ауыл өмірін сүрген. Әрқайсысы медицина саласында қызмет атқарған, артық өмір талабы болмаған.

«Кредитіміз болса да, уайымымыз аз еді. Бір-бірімізге көмектесіп, баламызды біріміз қарап, кезекпен дүкенде сатушы болып, армансыз өмір сүрдік», – дейді Перизат Нұрымова.