фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Ерке Есмахан
Белгілі әнші Ерке Есмахан Instagram парақшасында өзінің ұлы Исламның қолына швабра ұстатқан сәтін бөлісіп, әзілмен реніш білдірді.
Бұл видео әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жұртшылықтың пікірі екіге жарылды.
Әншінің сөзіне назар аударсақ:
"Исламок бәрін жинап жүреді, көмектесіп жатыр апайларына. Жарайсың, не деген пысық, еңбекқор бала. Болсаң ана жерге апарып қой швабраны. Маған неге беріп жатсың, мен ондай жұмыстарды істемеймін ғой", – деді Ерке әзіл-шыны аралас.
Әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:
"Басыңа берсе істейсің. Ешкім еңбек етуден тыс емес.", "Қаншама адам отбасын адал еңбекпен асырап отыр. Еден жуу — ұят емес!", "Кедейдің кербезінен сақта" деген осы шығар..." "Әзіл түсінбейтін жұрт көбейіп кеткен сияқты. Видеоның ниеті жаман емес қой..."