фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Ерке Есмахан мен Райм
Танымал әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасында нәзік жандыларға арналған әсерлі ойымен бөлісіп, әйелдерге ақыл-кеңес айтты.
"Үйде отырып, тек күйеуінің, балаларының бабын жасаған жақсы әрине. Бірақ өзіңді ұмытпаған жөн. Жұмысың болып, бір іспен айналысып, білім алып, арасында қыдырып, ақшаны өзіңе аямай, кейде неудобная болған дұрыс", – деп жазды ол.
Ерке сөз арасында әлемге танымал бизнесмен Джефф Безос пен сүйіктісі Лорен Санчес арасындағы махаббатты мысал етті:
"Безос не себепті қазіргі әйелінің аяқ астына бүкіл әлемді төсеп беріп жатыр? Меніңше, Лорен – күйеуімен қызықты сұхбаттас, сенімді серіктес, көңілді көңілдес. Ол еркекпен жарыспайтын, жұмсақ, сезімтал, еркелей білетін дана әйел. Ал еркекке анасындай болып жүретін әйел емес, қылықты әйел керек", – деді Ерке Есмахан.