Өзбекке кеткен есені қайтара ма: бүгін 5 қазақ боксшысы беделді турнирдің финалында жұдырықтасады

Өзбекке кеткен есені қайтара ма: бүгін 5 қазақ боксшысы беделді турнирдің финалында жұдырықтасады

фото: olympic.kz. Суретте: Абылайхан Жүсіпов

Эйндховен қаласында өтіп жатқан Eindhoven Box Cup халықаралық турнирінде бес бірдей қазақстандық боксшы финалға шықты, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Финалдық жекпе-жектер бүгін, 9 маусымда Астана уақытымен сағат 17:00-де өтеді. Төреші ысқырығына алғаш болып төмендегі жұптар шығады:

  • 50 кг: Даниял Сабит – Алдархишиг Батулга (Моңғолия)
  • 70 кг: Абылайхан Жүсіпов – Асадхуджа Муйдинхуджаев (Өзбекстан)
  • 80 кг: Ерасыл Жақпеков – Артур Касьянов (Украина)
  • 85 кг: Дәулет Төлемісов – Микола Лактионов (Украина)
  • +90 кг: Нұрлан Сапарбай – Денис Охьо (Германия)

Бұл спортшылар үшін финал – чемпиондық белбеу мен ел намысын абыроймен қорғау мүмкіндігі.

Ал кеше жартылай финалда жеңіліс тапқан үш боксшымыз қола жүлдеге ие болды:

65 кг: Ертуған Зейнуллинов

  • 75 кг: Сабыржан Аққалықов
  • 90 кг: Сағындық Тоғамбай