Өзбекстанмен дуэль: Бүгін 6 бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығады

Өзбекстанмен дуэль: Бүгін 6 бірдей боксшымыз шаршы алаңға шығады

фото: olympic.kz. Суретте: Махмұд Сабырхан

Бүгін, 1 шілдеде Астанада өтіп жатқан бокстан World Boxing аясындағы Әлем кубогі кезеңінде Қазақстан атынан алты боксшы жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Күндізгі сессия 14:00-де басталcа, кешкі сессия 19:00-де басталады. Бұл жекпе-жектерді Qazsport арнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Күндізгі сессия:

Ринг А, 1-жекпе-жек (әйелдер, 54 кг)
Әнел Сақыш – Феруза Қазакова (Өзбекстан)

Ринг В, 5-жекпе-жек (ерлер, 55 кг)
Махмұд Сабырхан – Шинь Дже Ён (Оңтүстік Корея)

Ринг А, 9-жекпе-жек (ерлер, 80 кг)
Нұрбек Оралбай – Мұрад Аллахвердиев (Әзербайжан)

Кешкі сессия:

Ринг В, 4-жекпе-жек (әйелдер, 75 кг)
Надежда Рябец – Вивиан Дос Сантос Перейра (Бразилия)

Ринг В, 6-жекпе-жек (ерлер, 60 кг)
Серік Теміржанов – Джейкоб Кассар (Австралия)

Ринг А, 11-жекпе-жек (ерлер, 90+ кг)
Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан Республикасы)