фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова
Тыныш жатқан желі тағы да дүр сілкінді. Танымал тұлға Мөлдір Мұқанова өзінің Instagram парақшасында жаңа жобасы туралы тұспалды жазба қалдырып, оқырмандарын қызықтырып қойды.
"Мөлдір тағы не бастап жатыр? Бұл – ерекше жоба. Оны бұрынғы Мөлдірмен байланыстырмаңыз. Бұл – жаңа қыр, жаңа бетбұрыс. Қоғамдағы үнсіз шындық, жанды ауыртатын сәттер мен күлкіге жасырылған көз жасы...", – деп жазды ол.
Желі қолданушылары бұл жазбадан кейін түрлі жорамалдар жасап жатыр. Бірі бұл кино немесе деректі жоба болуы мүмкін десе, енді бірі Тұрсынбек Қабатовпен болған жеке өмірінен сыр шертетін автобиографиялық туынды болуы мүмкін деп болжауда.
Желіде қалған пікірлерден үзінді:
“Алла өзіңе жар болсын, сәттілік, жұлдызың жарқырай берсін, Моля!”
“Қолынан келген адам ғана жарқырай алады, тек биіктерден көріне бер!”
“Берекесімен бірсін”
“Осының артында Тұрсынбек Қабатов тұр”
“Мөлдір жұлдызын жарқырай берсін. Еш уақытта қабырған қайыспасын.”