фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен жұбайы Мөлдір Мұқанова жайлы қоғамда үлкен дау туып отыр. Әлеуметтік желіде бұл жұптың қарым-қатынасы, әсіресе Қабатовтың екінші әйелі туралы мәліметтер тарағаннан кейін, жұрт пікірі қақ жарылды.
Танымал нумеролог @numerolog.ainura өз парақшасында Мөлдір Мұқанованы «жалған құрбандықтың» символына теңеп, әйелдің өзін ұмытып, күйеуінің жолына бар күшін арнағанын айтып, былай деп жазды:
«Мөлдір Мұқанова – өзін толықтай еріне арнап, өз болмысын ұмытқан әйелдің жарқын үлгісі. Өкінішке қарай, мұндай тағдырдан көптеген әйелдер өтуде. Бұл – ішкі дағдарыс арқылы өмірді қайта құруға мәжбүрлейтін ауыр жағдай. Алдымен өзіңізді сүйіңіз, сол кезде әлем де сізді сүйетін болады».
Бұл жазба әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Пікірлер арасында Мөлдірге жанашырлық танытқандар да, Қабатовты ақтағандар да, жалпы әйел мен еркек қарым-қатынасы туралы көзқарасын білдіргендер де көп болды.
Оқырман пікірлерінен үзінділер:
«Сіздер неге біреудің отбасына араласасыздар? Ол сіздерден кеңес сұрады ма?»
«Мен Қызылорданың қызымын ғой, бұл әңгімені баяғыда, 10 жыл бұрын естігенмін».
«Қабатов – өзінің талантымен шыққан бренд. Ол болмаса, Мөлдірді білмес едік».
«Еркекке жастық болам десең, аяғыңмен сүртіп кетеді. Бәрін ұмытып».
«20 жыл – аз уақыт емес. Бәрібір өкінеді. Балалар түгел әкесіне тартқан».
«Еркекті сүй, түсін, сатқындық жасама – сонда ол саған қандай ақымақ болғаныңды көрсетеді».