"Уәде беремін": ҚФФ басшысы бір жылдың ішінде қазақ тілін меңгеретінін айтты

"Уәде беремін": ҚФФ басшысы бір жылдың ішінде қазақ тілін меңгеретінін айтты

фото: kff.kz. Суретте: Марат Омаров

Қазақстан футбол федерациясының президенті Марат Омаров мемлекеттік тілді меңгеруге қатысты жоспарын жариялады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Марат Омаров үкімет отырысы алдында журналистермен ашық әңгімелесіп, қазақ тілін үйреніп жүргенін және көп ұзамай еркін сөйлейтінін айтты.

"Әрине, аздап уақыт керек. Бірақ өзіме сенімдімін – бір жылдың ішінде қазақ тілінде еркін сөйлей аламын. Тілді меңгеруде қоғамның қолдауы қажет. Жақында сұқбаттарды қазақ тілінде беретін боламын", – деді ол.

Айта кетейік, Марат Омаров 2024 жылдың соңында Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланған еді. Дауыс беру нәтижесінде ол 34 дауыс жинап, ұйым тізгінін қолға алған болатын.