Атырауда 10 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті (ВИДЕО)

Атырауда 10 жастағы бала лифт шахтасына құлап кетті (ВИДЕО)

фото: Видеодан скриншот

Атырау қаласында 10 жастағы бала лифт шахтасына құлап, ауыр жарақат алудан аман қалды. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға көпқабатты тұрғын үйде болған. Баланың лифтіге мінбек болған сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан баланың велосипедпен лифтіге кірмек болғанын көруге болады. Алайда есіктер автоматты түрде жабылып, баланың өзі сыртта қалып, велосипеді есік пен кабина арасына қысылып қалған.

Лифт жоғары қозғалғанда, бала велосипедіне жармасып, бірге көтеріле бастаған. Алайда бір мезетте қолы тайып, шахтаға құлап кеткен.

Зардап шеккен бала жедел түрде ауруханаға жеткізіліп, алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы қанағаттанарлық, ауыр жарақаттар жоқ.

Қазіргі таңда оқиғаға байланысты тиісті тексеру жұмыстары басталды.