фото: Тұрар Қазанғапов. Суретте: Айбек Оралбай
Астанада өтетін World Boxing Әлем кубогы аясында Қазақстан ерлер құрамасының қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.
Бүгін елордада өткен жеребе тарту рәсімінде отандық боксшыларымыздың алғашқы айналымдағы қарсыластары анықталды.
Турнир 30 маусым мен 6 шілде аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Қазақстандық боксшылардың алғашқы кездесулері:
- 50 кг. Санжар Тәшкенбай – Кото Шудай (Жапония)
- 55 кг. Махмұд Сабырхан – Шин Жаенг (Оңтүстік Корея)
- 60 кг. Серік Теміржанов – Якоб Кассар (Аустралия)
- 65 кг. Ертуған Зейнуллинов – Ахмет Пекал (Түркия)
- 70 кг. Абылайхан Жүсіпов – Алмаз Оразбеков (Қырғызстан)
- 75 кг. Сабыржан Аққалықов – Джошуа Офори (Канада)
- 80 кг. Нұрбек Оралбай – Мурад Аллахвердиев (Әзербайжан)
- 85 кг. Бекзат Нұрдәулетов – Лачлан Лаусон (Аустралия)
- 90 кг. Сағындық Тоғамбай – Азиз Аббес Мухийдин (Италия)
- 90+ кг. Айбек Оралбай – Хосе Агустин Трисет (Доминикан)