фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Мөлдір Мұқанова мен Нұрлан Еспанов
Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың соңғы берген сұқбаты желіде кеңінен таралып, бір жағынан оқырмандары тарапынан жылы қабылданып жатса, екінші жағынан түрлі пікір мен дау тудырып жатыр.
Әсіресе, әйелдердің қолдауы ерекше байқалды. Пікірлерде:
«Әр әйел бақытты болуға лайықты»,
«Бала-шағасы жанында, өзі жарқырап жүр. Қолдаймыз» деген пікірлер көптеп жазылған.
Жеке өмірі төңірегіндегі сұрақтар – Көпшілік әнді Мөлдір мен Тұрсынбек Қабатовтың арасындағы жеке жағдаймен байланыстырып, бейнебаяндағы эмоция мен сұхбаттардан «ажырасқанын» аңғаруға тырысуда. Дегенмен, Мөлдір Мұқанова Анна Данченкоға берген сұхбатында:
«Бұл – өмір. Қабылдадым... Бұл сұраққа жауап бермеймін. Бізде бәрі жақсы» деп, нақты жауап беруден бас тартқан.