"Мөлдірді тұншықтырып ұстады": халық жаппай Тұрсынбектің әйелін қолдап жатыр (видео)

"Мөлдірді тұншықтырып ұстады": халық жаппай Тұрсынбектің әйелін қолдап жатыр (видео)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова

2025 жылдың маусым айының соңында Мөлдір Мұқанованың жаңа әні «Арамызда қалсын бәрі» тыңдарман жүрегінен орын тауып, TikTok пен Instagram желілерінде кең тарап жатыр. Әншінің соңғы бейнежазбасына пікір жазып жатқан жұрт тек өнеріне емес, өмірлік жағдайына да үн қосуда.

Қолданушылардың көбі әннің әуені мен сөзіне, сондай-ақ клиптегі образға жоғары баға беріп, оны "ерекше стильді, харизмасы бар" деп атап өткен:

«Ән ұнады маған, күшті ғой!»
«Мөлдір күлпырып кетіпті, әдемі болып кетіпсің!»
«Өнеріңіз өрге жүзсін! Керемет стиль, жарасады!»

Көпшілік Мөлдірдің соңғы уақыттағы өзгерісін Тұрсынбек Қабатовпен қарым-қатынасына қатысты деп түсініп, өз көзқарасын білдірген:

«Мөлдір тұншықтырылып ұсталды. Енді тоқтамайды. Бәрін жеңесің!»
«Қыз балалар үшін ең маңыздысы – балаларының жанында болуы. Бақытты бол!»
«Бала-шаға өсіп қалғанда оңай емес, Алла жар болсын!»