«Сізді бағалайтын адам әлі-ақ табылады»: Мөлдір Мұқанова тағы да желіні шулатты

«Сізді бағалайтын адам әлі-ақ табылады»: Мөлдір Мұқанова тағы да желіні шулатты

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова

Белгілі әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Instagram желісінде тағы бір әсерлі жарияланымымен жұрт назарын өзіне аударды.

@qazbolat_gulimay және @guka_group белгіленген жазбада Мөлдір “Кеш тізгіні бізде” деп жазып, көпшіліктің ықыласына бөленді.

Желі қолданушылары оның сырт келбеті мен сахнадағы еркін болмысын мақтап, жылы пікірлер жазып жатыр:

“Сіз жүрген жер – береке мен мереке ғой!”
“Тұрсынбек терлеп, зарынап жүре берсін, сен бұдан да жақсысына лайықсың!”
“Сізді жақсы көретін, бағалайтын адам табылады. Балаларыңызбен бірге бақытты болуға лайықсыз!”

Кейбір желі қолданушылары оның қазіргі жарияланымдарын отбасылық жағдаймен байланыстырып, қолдау білдірсе, енді бірі "бұл бар болғаны PR" деп пікір қалдырған.

Сонымен қатар, Мөлдірдің шынайы мінезі мен батылдығы көпшілікке ұнап жатқаны да аңғарылады:

“Адам қадірін білмеген әке – жоқпен тең. Ал сен секілді жанды өмір әлі жарылқайды!” – деп жазды желі қолданушыларының бірі.