фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Тұрсынбек Қабатов пен Мөлдір Мұқанова
Соңғы кездері әлеуметтік желілерде кең таралған Тұрсынбек Қабатов пен жары Мөлдір Мұқанованың арасындағы қарым-қатынас туралы түрлі алып-қашпа әңгімелерге Мөлдірдің өзі нүкте қойды. Белгілі тележүргізуші Анна Данченкоға берген сұхбатында ол өмірінде болып жатқан жағдайларға қатысты ашық пікір білдірді.
«Ет пен сүйектен жаратылған адамбыз ғой. Менің күліп жүргенім ішкі дүниеммен сай деп айта алмаймын. Қазір кез келген нәрсені қабылдадым. Солай өмір сүру жеңіл екен. “Менде бәрі идеально болады” деген ой ешкімде болмауы керек», – дейді Мөлдір.
Оның айтуынша, эмоциясын жасырып жүруге тырысса да, ішкі күйзелісі кей сәттерде байқалып қалған. Әсіресе түсірілім кезінде көзіне жас алған сәт – әлеуметтік желіде көптің талқысына түсті.
“Кино біткеннен кейін құрбым түсіріп алған видеоны өз парақшасына жүктепті. Соавторство жіберген екен. Қарсылық білдірмедім. Жасыратын несі бар?”
Журналист Анна Данченконың тікелей қойған сауалына әнші былай жауап берді:
“Мен бұл сұраққа жауап бермеймін деп шештім. Бәрі жақсы. Еш алаңдамаңыздар. Осы сұраққа жауабым – бізде бәрі жақсы”.