фото: SN.kz
Белгілі актер, режиссер әрі продюсер Рүстем Жаныаманов шығармашылығы мен жеке өмірі жайлы шынайы сұхбат беріп, ішкі сезімін бөлісті. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Журналист Асмира Ермекқызына берген сұхбатында актер Дариға Бадықоваға деген әріптестік қарым-қатынасы мен эмоцияларын жасырмай айтты.
"Партнер ретінде қызғанамын. Қанша күлкілі естілсе де, иә, қызғанамын. Адам бәрібір бауыр басады екен. Кейде «Жарайды енді, өзің қара» деп көңіл бұзып қаламын. Мысалы, Олжаспен бірге түсейін деп жатса, «Жарайды, түс» деймін де қоямын. Бұл – әзілмен араласқан шын сезім", – деді ол.