фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Қайрат Нұртас пен ұлы
Танымал әнші Қайрат Нұртастың ұлы Нарұл велосипедтен құлап, жарақат алып ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы әншінің жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында хабарлады, деп Sportinside.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұлдыздың айтуынша, 15 жастағы Нарұл құлаған кезде қолын сындырып алған. Қазір жасөспірім медициналық бақылауда және қажетті ем-домды қабылдап жатыр.
«Былтыр дәл осы уақытта Нарұл аттан құлап, сол жақ иығын сындырған еді. Биыл велосипедтен құлап, қолын сындырып отыр», – деп жазды Жұлдыз.