Грузиялық Илия Топурия бразилиялық жауынгерді бірінші раундта сұлатып түсірді (видео)

Грузиялық Илия Топурия бразилиялық жауынгерді бірінші раундта сұлатып түсірді (видео)

фото: Getty Images. Суретте: Илия Топурия

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 317 турниріндегі басты жекпе-жек сенсациялық нәтижемен аяқталды. Жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін испаниялық Илия Топурия (17-0) мен бразилиялық тәжірибелі файтер Чарльз Оливейра (35-11) октагонда кездесті.

Бес раундқа жоспарланған айқас тек бірінші раундтың ортасына дейін ғана жалғасты. Топурия қарсыласына ауыр соққы жасап, нокаутқа түсірді. Оливейра жерге құлаған соң, испаниялық файтер тағы бір соққы жасап үлгерді. Төреші дереу жекпе-жекті тоқтатып, дәрігерлер бразилиялық спортшыға көмектесті.

Айта кетейік, Илия Топурия бұған дейін жартылай жеңіл салмақта UFC чемпионы атанған болатын. Енді ол жеңіл салмақта да әлем чемпионы атағына қол жеткізіп, тарихқа енді. Ал Оливейра үшін бұл – мансабындағы 11-інші жеңіліс.