«Сен бізге керек емессің». Наркенже Серікбаева жүрегін ауыртатын хат туралы айтты (видео)

«Сен бізге керек емессің». Наркенже Серікбаева жүрегін ауыртатын хат туралы айтты (видео)

фото: Видеодан скриншот

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желіде жан тебірентер жазба қалдырды.

Әншінің айтуынша, соңғы уақытта кейбір тыңдармандардан ауыр сөздер жазылған хаттар келіп түскен. Олардың ішінде «Сен енді халыққа керек емессің», «Сені ешкім тыңдамайды» деген сияқты көңілге қаяу түсіретін пікірлер де болған.

«Қайырлы кеш, жанашырларым, жүрегі мейірімге толы жандар! Елдің ықыласы – менің шабыт көзім. Алла Тағала мені сынай отырып, жақсы көреді деп білем. Бүгін Шымкент халқының ыстық ықыласына бөленіп, ерекше әсер алдым. Көңілім ашылып, бұлт арасынан күн шыққандай күй кештім. Шүкір! Мені сыйлаған халқыма мың алғыс, құшағым гүлге толды. Сіздерді шын жүректен жақсы көрем!» – деп жазды өнер иесі өз парақшасында.