«Менің ешқандай ауруым жоқ»: Роза Рымбаева халыққа маңызды үндеу жасады

«Менің ешқандай ауруым жоқ»: Роза Рымбаева халыққа маңызды үндеу жасады

фото: YouTube/ Dinara Satzhan

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева өзінің аты мен бейнесін пайдаланып, интернетте тарап жатқан жалған жарнамаларға байланысты ресми түрде үндеу жасады.

Танымал әншінің айтуынша, белгісіз біреулер оның бейнесі мен дауысын қолдан жасап, әлеуметтік желілерде жалған видеоролик таратқан. Онда Роза Қуанышқызы денсаулығына байланысты емдік өнімді жарнамалағандай болып көрінеді. Алайда әнші мұндай мәлімдеме жасағанын үзілді-кесілді жоққа шығарды.

«Менің ешқандай ауруым жоқ. Ешқандай емдік өнімді жарнамалаған емеспін. Бұл — жалған, алаяқтардың ойыны», – деді Рымбаева өзінің Instagram парақшасында жариялаған бейнежолдауында.