Өзбек боксшылары Астанада өтетін әлем кубогына келді (фото)

Өзбек боксшылары Астанада өтетін әлем кубогына келді (фото)

фото: Қазақстан бокс федерациясы. Суретте: өзбекстандық боксшылар

Әлем кубогінде Өзбекстан мемлекетінің намысын қорғайтын әйелдер құрамасы Астанаға келді. Бұл туралы Sportinside.kz тілшісі Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың сапында 2022 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері Азиза Якубова, Жасмин Такирова, Азиза Закирова сияқты бірнеше халықаралық жарыстардың жүлдегер боксшылары бар.

Естеріңізге салсақ, бокстан әлем кубогі 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.