фото: Видеодан скриншот. Суретте: Мөлдір Мұқанова
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жары, продюсер Мөлдір Мұқанова соңғы күндері әлеуметтік желілерде желдей есіп жүрген отбасылық даулар мен қауесеттерге байланысты алғаш рет үн қатты.
"Қазіргі уақытта халықтан жасыратын ештеңе қалмады. Отбасымызда болып жатқан жағдайды... Жігітімнің абыройы үшін сабырлық сақтап келіп едім," – деді Мөлдір әлеуметтік желідегі мәлімдемесінде.
Ол бұл сөзді көз жасын әрең тия отырып айтқан. Бұл мәлімдемеден кейін желіде түрлі пікірлер жауып кетті. Кейбірі Мөлдірге қолдау білдірсе, енді бірі оны пиар үшін жасалған қадам деп сынауда.
Пікірлерден үзінділер:
"Тұрсынбек болмаса, оны ешкім танымас еді. Қайрат болмаса, Жұлдыз кім еді?"
"Бұл жай ғана шоу-бизнеске арналған пиар қадам. Бәрі сценарий бойынша."
"Азаматы сатқындық жасаса да, абыройын сақтап сөйлеген даналығына риза болдым."
"Іші жылап, жүрегі жарылып тұр. Әйел еркектен мықты ғой, негізі."
"Қандай жағдай болса да, әйелдер бір-бірін жамандамай, солидарность көрсетуіміз керек."
Видеоны осы сілтеме арқылы көре аласыздар.