Ресейлік спортшы қарсыласының екі бұтының ортасынан теуіп, "тұрғызбай тастады" (видео)

Ресейлік спортшы қарсыласының екі бұтының ортасынан теуіп, "тұрғызбай тастады" (видео)

фото: Cooper Neill/Getty Images. Суретте: Валентин Молдавский

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында өткен PFL турнирінде ресейлік ММА спортшысы Валентин Молдавский молдавиялық Александр Романовқа қарсы жекпе-жекте тыйым салынған соққы жасап, кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. Бұл туралы Sportinside.kz хабарлайды.

Бұл ауыр салмақтағы (120,2 кг дейін) Гран-придің жартылай финалдық жекпе-жегі болатын. Бірінші раундта Романов партерде (жерде) басымдық танытты, ал Молдавский тікесінен тік тұрып соққы жасаумен жауап берді.

Алайда клинч кезінде, тордың жанында Молдавский тізесімен қарсыласының іштен төмен тұсына (пах) соққы жасады. Бұл ММА ережесіне қайшы әрекет болып саналады.

Соққы салдарынан Романов ауыр жарақат алып, жекпе-жекті жалғастыра алмады. Ол тіпті орнынан тұра алмай, дәрігерлер оны арнайы зембілмен алып кетті. Нәтижесінде, ұйымдастырушылар Романовты Гран-при финалына өткізді.

Енді ол 500 мың АҚШ долларын сарапқа салатын финалда ресейлік Олег Поповпен кездеседі. Попов жартылай финалда бразилиялық Родриго Насиментоны 3:0 есебімен (30:27 ×3) ұтқан болатын.