Қазақтың әнұранын Олимпиада төрінде шырқатқан чемпионның қызы Кореяда топ жарды

Қазақтың әнұранын Олимпиада төрінде шырқатқан чемпионның қызы Кореяда топ жарды

фото: optimizm.kz

Қазақстандық жас спортшы Анастасия Рыпакова Оңтүстік Кореяда өткен халықаралық жарыста ұзындыққа секіруден тамаша нәтиже көрсетіп, күміс медаль иеленді. Ол жарыс барысында ең үздік секірісінде 5.92 метр нәтижеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Жүлделі үштік келесідей болды:

🥇 Ю Чон Ми (Оңтүстік Корея) – 6.04 метр

🥈 Анастасия Рыпакова (Қазақстан) – 5.92 метр

🥉 Паринья Чуаймаруэнг (Таиланд) – 5.54 метр

Бұл – Анастасияның халықаралық аренадағы жарқын қадамы. Ол – Лондон Олимпиадасының чемпионы, әлемдік аренада еліміздің атын шығарған Ольга Рыпакованың қызы. Анасының ізін жалғаған Анастасия бүгінде жаңаша дәуірдің жұлдызына айнала бастағанын дәлелдеп келеді.