"Менің Куконям": Жұмабек Жанықұлов сүйіктісі Динара Сәтжанды ерекше құттықтады (фото)

"Менің Куконям": Жұмабек Жанықұлов сүйіктісі Динара Сәтжанды ерекше құттықтады (фото)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Жұмабек Жанықұлов пен Динара Сәтжан

Танымал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов жақында некелескен жары, белгілі тележүргізуші әрі журналист Динара Сәтжанды кәсіби мерекесімен ерекше түрде құттықтады.

Ол Instagram парақшасына жұбайының суретін жариялап, жүрекжарды жазба қалдырған:

«Менің Куконям... барлық БАҚ қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын», – деп жазды Жұмабек Жанықұлов.

Жазбамен бірге жарияланған суретте жас жұбайлар жылы көңіл күймен бейнеленген. Желі қолданушылары бұл құттықтауға сүйсініп, жас жұпқа бақыт тілеп, жылы лебіздерін қалдыруда.