фото: Әлеуметтік желіден
Соңғы күндері танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жеке өмірі қоғам назарында қызу талқылануда. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған түрлі ақпараттарға сүйенсек, әзілкештің тоқалы бар деген сыбыс қайтадан өршіп отыр, деп Sportinside.kz тілшісі Todayinfo сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Инсайдерлік деректерге қарағанда, тоқал атанып жүрген ару –Қызылорда облысы, Бесарық ауылынан шыққан. 1997 жылы туған, қазіргі таңда 28 жаста. Бейресми мәліметтерде ол Тұрсынбектен ұлды болған деген де сөз бар. Алайда бұл ақпарат ресми дереккөздер тарапынан расталмаған.
Жекелеген деректерге сенсек, бойжеткен Астана қаласында жеке пәтерде тұрады. Ол пәтер мен автокөлік әзілкештің өз атынан алып берген деседі. Сонымен қатар, желі қолданушыларының айтуынша, ай сайынғы тұрмыстық шығындарын да Қабатов өзі өтеп отырады.
Қазіргі таңда бұл ақпараттардың ешқайсысы ресми расталмағанымен, қоғам арасында қызу пікірталас туғызып отыр. Әзілкештің өзі немесе оның ресми өкілдері бұл мәселеге ешқандай түсініктеме берген жоқ.
Ескерту: Бұл материал бейресми ақпарат көздеріне негізделген. Ақпараттың нақтылығы уақыт өте келе нақты дереккөздермен анықталуы мүмкін.