Қазақстандық жігіт күніне 4 бөтелке энергетик ішіп, реанимацияға түсті

Қазақстандық жігіт күніне 4 бөтелке энергетик ішіп, реанимацияға түсті

фото: NUR.KZ / Ардақ Ерубаева

Қазақстанда 20 жастағы жігіт энергетикалық сусындарды шектен тыс қолданғаннан кейін ауыр халде реанимацияға түсті.

Оның денсаулығына ұзақ уақыт бойы күн сайын 4 бөтелке энергетик ішу кері әсер етіп, ауыр диагноз қойылған.

Жігіт энергетикті екі жыл бойы күнде үзбей ішіп келгенін айтқан. Соңғы кездері оның жағдайы күрт нашарлап, ентігу, ауа жетіспеуі, жүрек соғысының жиілеуі және тәбеттің жоғалуы сияқты белгілер байқалған.

«Бұған дейін жүрек-қан тамырлары ауруларымен ауырған емеспін», – деген науқас күтпеген диагнозға тап болған.