«Алтынайдың қыздарынан аумайды»: Айгүл Иманбаева көпшілікке немересін көрсетті (видео)

«Алтынайдың қыздарынан аумайды»: Айгүл Иманбаева көпшілікке немересін көрсетті (видео)

фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Айгүл Иманбаева мен актер Сәбит Әбдіхалықов немересі Айсұлудың тұсаукесер тойын дүркіретіп атап өтті. 

Той кезінде Айгүл Иманбаева көпшілікке немересін алғаш рет көрсетіп, қуанышын бөлісті. Өнер иесі бұл қуанышты сәтке ерекше мән беріп, салтанатты шараны өз парақшасында да бөлісті.

«Құрметті достар, бүгін немереміз Айсұлудың тұсаукесер тойын жасаймыз. Қазақтың маңдайына біткен өнердегі аға, апаларымның бірі кессе де болатын еді. Бірақ біздің таңдау Жадыраға түсті», – деп жазды әнші.

Сонымен қатар, Иманбаеваның қазіргі жұбайы тойға онлайн режимде қосылып, алыстан жылы лебізін білдірді.

«Қашықтық махаббатқа кедергі емес. Экранның ар жағынан айтылған жылы сөз жүрекке тікелей жетеді», – деді әнші.

Желі қолданушылары Айгүл мен бұрынғы жары Сәбиттің арақатынасын ерекше атап өтіп, олардың үлгілі қарым-қатынасына тәнті болды. Ажырасқандарына 20 жылға жуықтаса да, екеуінің ортақ қуанышта бас қосуы көпшіліктің көңілінен шықты.

«Айгүл сондай ақылды әйел»,
«Айсұлу Алтынайдың қыздарынан аумайды екен»,
«Қос енесі де тойға келіпті»,
«Қандай керемет көрініс»,
«Бір-бірін жек көретін әйелдерге үлгі», – деп жарыса жазды оқырмандар.