"Ол жүрегімде тұр": Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі туралы ашып айтты

"Ол жүрегімде тұр": Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі туралы ашып айтты

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаевпен қарым-қатынасы туралы ашық пікір білдірді.

Жанар Айжановаға берген сұхбатында ол экс-күйеуімен қазіргі уақытта мүлде араласпайтынын атап өтті. Алайда, балалары мен немересі бұрынғы күйеуімен қарым-қатынасты үзбегенін айтты.

«Мен ол кісімен араласпаймын. Бірақ балаларым араласады. Ондай керемет әке көрген емеспін. Немересі тіпті меннен бұрын оған барып тұрады екен. Ата деп атайды. Қызымның айтуынша, сыйлықтар мен жеміс-жидек алып барып тұрады», – деді Баян Мақсатқызы.

Ол сұхбат барысында ең ауыр сәт – ажырасу процесін еске алып, сол жағдайдан кейін бұрынғы күйеуін кешіре алды ма, жоқ па – бұл сұрақтың жауабын өзі де нақты білмейтінін айтты.

«Шынымды айтсам, бұл сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Біздегі ажырасу интеллигентті түрде өтпеді. Егер бәрі сыпайы, сабырмен өткенде, мүмкін бәрі басқаша болар ма еді. Оны толықтай кешірдім бе, жоқ па – білмеймін. Әлі де өзімнен сұрап жүрмін. Бұл – менің ішімдегі, жүрегімде қалған нәрсе. Бірақ мен ренішпен өмір сүргім келмейді. Балаларыма да, бұрынғы күйеуіме де ешқандай өкпе айтқым келмейді. Барша адамға шын жүрегіммен бақыт тілеймін», – деп түйіндеді продюсер.