«Токсикоздан шаршап кеттім»: Жанар Айжанова екінші мәрте әже атанбақ (видео)

«Токсикоздан шаршап кеттім»: Жанар Айжанова екінші мәрте әже атанбақ (видео)

фото: Әлеуметтік желіден. Суретте: Айжұлдыз Адайбекова

Танымал актриса әрі блогер Айжұлдыз Адайбекова желіде көптен күткен қуанышты жаңалығын бөлісті. Ол өзінің екінші сәбиіне аяғы ауыр екенін Instagram парақшасында мәлімдеді.

Жүктеген видеосында актриса:

«Біз сені күтеміз, сәбиім. +1 Қағаров», – деп жазып, болашақ нәрестенің әкесінің тегін де меңзеген.

Желі қолданушылары Айжұлдыздың күтпеген жаңалығына қуанып, ақ тілектерін жаудырып, жылы лебіз білдіріп жатыр.

Сондай-ақ, Айжұлдыз:

«Төрт айға дейін қатты қиналдым. Токсикоз болып, ас-су іше алмай қалдым. Қазір ішімді жасыру да қиындап кетті», – деп мойындады.