«Біздің арқамызда блогер болдыңдар»: Жанар Айжанованың қызы ренішін білдірді

«Біздің арқамызда блогер болдыңдар»: Жанар Айжанованың қызы ренішін білдірді

фото: Әлеуметтік желіден

Танымал өнер иесі Жанар Айжанованың қызы, блогер әрі психолог Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде орын алған келеңсіз жағдай жайлы ашық пікір білдірді, деп Sportinside.kz тілшісі Turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Айжұлдыз өзінің Instagram парақшасында кейбір желі қолданушыларының қоғамдық орында шектен тыс әрекет жасайтынын айтып, ескерту жасады.

«Кішкентай ғана өтініш: егер мен баламмен немесе анаммен бірге болып, мейрамханада отырып тамақтанып жатсам, фотоға түсіруді сұрамаңыздар. Бұл – қарапайым этикет. Біз де адамбыз. Баламды менің рұқсатымсыз фото немесе видеоға түсіруге болмайды», – деді ол.

Блогердің айтуынша, танымал болғанымен әркез фотоға түсуге дайын бола бермейді:

«Бір адам үш рет келіп, бізден суретке түсуді өтінді. Біз сыпайы түрде бас тарттық, себебі аш, шаршаған, бояусыз немесе үйге лайықты киімде болуымыз мүмкін. Бірақ әлгі адам біздің баламыздың қасымызда отырғанына қарамастан, ашық видео түсіре бастады. Бұл барып тұрған әдепсіздік. Мен жанжал іздейтін, агрессивті адам емеспін. Бірақ бұл – менің тыныштығымды бұзуға, рұқсатсыз әрекет етуге құқық береді деген сөз емес».

Сондай-ақ, Айжұлдыз кейбіреулердің «біз болмасақ, сен блогер болмас едің» деген пікіріне де жауап қайтарды:

«Бұл – Алланың қалауы. Мен кім болсам да, сол Жаратқанның жазғаны. Құдайдың рөлін өзіңізге алмаңыз. Аспанға секіріп, ‘бұл менің арқам’ деудің қажеті жоқ. Сол адам бізден фотоға түсуге рұқсат ала алмаған соң, бізге өкпесін айтып, қарыздар етіп көрсетуге тырысты», – деді Айжұлдыз Адайбекова.