Жынысын ауыстырды деп басы дауға қалған боксшы қыз Олимпиада алтынын қайтаруы мүмкін

Жынысын ауыстырды деп басы дауға қалған боксшы қыз Олимпиада алтынын қайтаруы мүмкін

фото: Richard Pelham/Getty Images. Суретте: Иман Хелиф

Париж Олимпиадасында алтын медаль алған Иман Хелиф жеңіп алған жүлдесін қайтаруы тиіс. Мұндай мәлімдемені Халықаралық бокс қауымдастығының президенті Умар Кремлев жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.

Кремлевтің айтуынша, Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) шешімі әділет принциптеріне сәйкес келмейді және саяси мүдделерге негізделген.

Иман Хелиф алғаш рет 2022 жылғы Әлем чемпионатында допинг сынамасынан өтіп, күмән тудырған көрсеткіштер тіркелген. Сол кезде тек Хелиф емес, тұтас бір топ спортшылар тексеруден өткен. Екі жағдайда, оның ішінде Хелифтің сынамасында да, рұқсат етілмеген көрсеткіштер анықталған.

Daily Mail дерегінше, алғашқы тесттен кейін бұған ұқсас жағдайлар болмағандықтан, ұйым қосымша сараптама жүргізуді ұйғарған. Ал 2023 жылы алынған екінші сынама алғашқы қорытындыны толығымен растаған.