Танымал әнші, KeshYou тобының бұрынғы мүшесі Ақбота-Нұр Сейітмағамбет жақында тұрмысқа шығатынын желі арқылы ишарамен жеткізді.
Қазіргі таңда шетелде жүрген әнші Instagram парақшасына жаңа сурет жүктеп, оған:
«Адамның ең шынайы сезімі – сөз айтпай-ақ, жаныңды жылытып жіберетін сәтте байқалады», – деген жазба қалдырған.
Кейін дәл осы жазбасын Stories-те бөлісіп:
«Алла жазса, тұрмысқа шығайын деп жүрген қыздың сөзі», – деп жазды.
Бұл жазбасы желідегі оқырмандарын елең еткізбей қоймады. Көпшілік әншіге жүрекжарды тілектерін жаудырып, сұлу қалыңдық боларына сенім білдірді:
– «Махаббаттарыңыз баянды болсын»,
– «Алла бақ берсін!»,
– «Бақытты болыңыз, Ақбота!» – деп жазды жанкүйерлері.