фото: Сали Сабиров / ҰОК. Суретте: Нұрбек Оралбай
Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері, ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар Астанада өтетін әлем кубогы алдында маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sportinside.kz.
Ағайынды Нұрбек және Айбек Оралбайлар Instagram желісіндегі ресми парақшаларында жаттығу барысынан сурет жариялап:
"Біз әлем кубогына сақадай сай дайынбыз", – деп жазды.
Айта кетейік, World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен әлем кубогы Астанада 30 маусым мен 6 шілде аралығында өтеді.