фото: Әлеуметтік желіден
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы, әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова өзінің жаңа әні – “Арамызда қалсын бәрі” туындысын толық нұсқада барлық музыкалық платформаларда жариялады. Бұл жаңалықты Мөлдір ханым өзі Instagram парақшасында бөлісіп, тыңдармандарының ыстық ықыласына алғыс білдірді.
“Өнер – сезімнің тілі, жанның айнасы, талантты шыңдау жолы. Сахнада сын да, шынайы қолдау да қатар жүреді. Бірақ мен үшін нағыз мотивация – жанкүйерлердің жүректен шыққан жылы пікірі мен сенімі”, – деп жазды әнші.
Жаңа ән – жаңа леп
"Арамызда қалсын бәрі. – Мөлдір Мұқанованың нәзік те терең эмоцияға толы жаңа музыкалық жұмысы. Ән лирикалық мазмұнымен, заманауи әуенімен ерекшеленіп, тыңдарманын бірден баурап алды. TikTok пен Instagram желілерінде бұл әнге бейнежазбалар мен пікірлер легі тоқтар емес.
Ән шыққан сәттен-ақ жүздеген пікір жинап, көрермендер тарапынан қызу талқыға түсті. Пайдаланушылардың көпшілігі әннің әуезділігі мен Мөлдірдің дауысын ерекше атап өтті:
“Керемет ән, керемет Мөлдір! Харизма, шынайылық, сұлулық, талант – бәрі бар!”
“Тренд видео түсіріп тастамадық па, халқым?”
“Хит ән! Миымда сақталып қалды, үйде жүріп айтып жүремін.”
Мөлдірдің өнерін қорғап, оның шынайылығы мен еңбегін жоғары бағалады:
“Жылы сөз жан семіртер. Жүрегінің ақтығын көрген адам теріс пікір жазбас еді.”
“Даусыңыз өте жағымды екен. Бақытсыз адамдар ғана негатив жазады негізі. Сынбаңыз, тек алға!”