"Қалғаны ішімде қала берсін": Наркенже Серікбаева бастығымен неге татуласқанын айтты (видео)

"Қалғаны ішімде қала берсін": Наркенже Серікбаева бастығымен неге татуласқанын айтты (видео)

фото: Әлеуметтік желіден

Дәстүрлі әнші Наркенже Серікбаева филармония басшысымен арада болған келіспеушілік жайлы Instagram парақшасында шынайы пікірін білдірді.

Соңғы күндері желіде қызу талқыланған жағдайға қатысты әнші жан айқайын жазды. Оның айтуынша, ел алдында өзін "ұпай жинап жатыр" деп кінәлағандар қатты көңіліне тиген. Бірақ ол бар болғаны – ішкі жан сырын бөлісіп, шынайы сезімін жеткізгісі келген.

«Босқа жылап, хайп қуатын адам емеспін. Көзімнен аққан жас – ішкі жанайқайымның белгісі. Иә, әлсізбін. Жүрегіме қатты тиіп жатқан пікірлер көп. Бірі – “неге аяғына дейін бармадың?”, енді бірі – “жала жаптың”, “екі жүзділік” дейді. Бірақ мен халықтың арасынан шыққан қарапайым адаммын. Әкем де, анам да – халық», – деп жазды Наркенже.

Әншінің айтуынша, филармония басшысы одан кешірім сұрап, екеуі татуласқан. Ол бұл қадамды кішілік пен кешірімділікке балап отыр.

«Қазақ “әкең болса да кешір” дейді. Бұл жерде мен тәкәппарлық танытпай, кішілік көрсеткім келді. Мақсатым – аз қазақты алауыз қылу емес», – деді ол.