"Өзінен 21 жас кіші": танымал актер 40-қа келіп бір-ақ үйленді (видео)

"Өзінен 21 жас кіші": танымал актер 40-қа келіп бір-ақ үйленді (видео)

фото: SN.kz

Танымал актер Нүркен Иманқұлов жас келіншекпен дүркіретіп той жасап, әлеуметтік желіде көптің талқысына түсті.

"25 теңге", "Келінжан 2" секілді комедия жанрындағы танымал телехикаялар арқылы жұртқа жақсы таныс актер жақында ғана өзінен 21 жас кіші Мереке есімді қызға үйленген. Бұл туралы ол Instagram парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті.

«Әкем мен анам ресми құда болды. Қызметте болған барлық бауырларыма отбасымның атынан үлкен алғыс! Өте қуаныштымын», – деп жазды Иманқұлов.