"Түрі не боп кеткен?": Кенжекбектің қызымен түскен видеосы жұртты елең еткізді (видео)

"Түрі не боп кеткен?": Кенжекбектің қызымен түскен видеосы жұртты елең еткізді (видео)

Танымал әнші Кенжебек Жанәбілов Instagram желісінде видео жариялап, оны оқырмандарымен бөліскен болатын.

Кенжебек Жанәбілов Instagram желісіндегі парақшасында қызымен түскен видеосын жариялады. Бұл видеода әнші өзінің бұл қызы Калима ма әлде Карима ма деп сұрақ қойды.

Әншінің парақшасына жарияланған видеода ол: «Ал, кеттік, кім бірінші табады, сол адамға 2000 тг!» деп қызықты ойын жариялады.

Бұл жазба бірден жұрттың назарын аударды. Пікірлер арасында «Карима», «Калима», «Кенжебектің қызы», «Папина дочаааа» сынды жауаптар қарша жауды. Көпшілігі кішкентай сұлу Кариманы бірден танып, жылы лебіздерін жаудырып жатты.

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бірі Кариманың сұлулығына тамсанса, енді бірі әншінің сырт келбетіне қатысты алаңдаушылық білдірген. Бірақ, көпшілік әзіл-шыны аралас жазбаларымен ойынға қызыға қосылып жатты.