"Көз жасына тұнған шындық": Тұрсынбектің әйелінің жылаған видеосы жұртты шошытты (видео)

"Көз жасына тұнған шындық": Тұрсынбектің әйелінің жылаған видеосы жұртты шошытты (видео)

фото: Әлеуметтік желіден

Продюсер Мөлдір Мұқанованың жылаған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшіліктің жүрегін тебірентті. Instagram парақшасында жарияланған кадрда Мөлдірдің көзіне жас алып тұрған бейнесі жазу арқылы толықтырылған:

«Адам – күлімдеген бейне. Камера сыртында – көз жасына тұнған шындық.
Мөлдірдің көз жасы жай кадр емес...
Бұл – жылдар бойы жиналған сырдың тамшысы ғана!»

Мөлдірдің жан сырын бөліскен бұл сәті көптің жанын ауыртып, қолдау сөздерімен қатар, сынға да ілікті. Желіде түрлі пікірлер жазылды:

«Сен мықты әйелсің, біз сенің жарқыраған күніңді ғана көргіміз келеді!»; «Қыздар, давайте әйелдер бір-бірімізді қолдайық! Киносына бірге барайық!»; «Әйелдің жүрегі мықты емес, тек бейнесі ғана шыдайды!».

Алайда пікірлердің барлығы жағымды болмады:

«Өлеңі хит болсын деп өтірік жылап отыр»

«Байы қайда, неге көрінбейді?»

«Бұл да хайп шығар, концертке адам жинау үшін»