«Әкесінен де асып түссін»: Төреғалидің әкесі немерелеріне батасын берді (видео)

«Әкесінен де асып түссін»: Төреғалидің әкесі немерелеріне батасын берді (видео)

Танымал әнші Төреғали Төреәлінің балаларының көшеде еркін билеп жүрген видеосы көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Өнер иесінің әкесі Төреәлі Төлепов немерелерін сүйсіне қарап, әлеуметтік желіде жүрекжарды тілегін жазды:

«Ассалаумағалейкум, ағайын! ТөреМұхаммедӘли немеремнің дені сау болсын! Әлемді бағындыратын, дүние жүзін дүр сілкіндіретін, атағынан ат үркейтін батыр бала болсын, ИншаАлла. Аллам осы ұрпақтан шөбере көруді нәсіп етсін! Сіздер де жақсы тілектеріңізді жаза отырыңыздар. Жақсы сөз – жарым ырыс», – деді ол.

Желі қолданушылары да бұл сәтке бей-жай қалмай, Төреғалидің ұл-қыздарына ақ тілектерін жаудырды:

«Аллаһ Тағала жар болып, сіз ойлағаннан да үлкен тұлға болсын!»

«Атағы әкесінен асып түсетін ер жігіт болсын!»

«Халықтың балуаны болады!»

«Біріншісі әкесіне, екіншісі анасына аумайды екен!»